Былтыр Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы екі млрд доллардан асты
Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 62,7%-ға өсті

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 2,2 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға жоғары (1,7 млрд доллар), деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылы Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 62,7%-ға өсіп, 872,2 млн долларды құрады. Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлар: шикі мұнай, ферроқорытпалар, сублимацияланған, тұндырылған немесе коллоидты күкірттен басқа күкірт, турбореактивті және турбовинтті қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналары, уран, тантал, сутегі, инертті газдар және өзге де бейметалдар, электр немесе электрондық шамдарды жинауға арналған машиналар, бериллий, хром, германий, ванадий, галлий және басқа да сирек кездесетін металдар мен олардан жасалған бұйымдар.
2021 жылы АҚШ-тан Қазақстанға импорт 16,1%-ға өсіп, 1,4 млрд долларды құрады. Қазақстанға АҚШ-тан импортталатын негізгі тауарлар: ұшу аппараттары, жеңіл автомобильдер, турбореактивті және турбовинттік қозғалтқыштар, газ турбиналары, үй құсының еті мен тағамдық қосымша өнімдері, химиялық реакциялардың бастамашылары, үдеткіштері мен катализаторлары, дәрілік заттар, медицинада қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, вакциналар, қан сарысулары, қан.