$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ұрлық, тонау фактілері бойынша 1500-ден астам қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі таңда 47 қылмыстық іс сотқа жолданды

Алматыда ұрлық, тонау фактілері бойынша 1500-ден астам қылмыстық іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда ұрлықпен айналысқандарға қатысты 1500-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 47 іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 Ұрлық жасап, ұртын майлағысы келгендердің басым бөлігі қолға түскен. Қамауға алынғандардың арасында кәмелет жасқа толмаған 3 бала және бір әйел адам бар.  Оларға қатысты бұлтартпау шарасы елден ұзап ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге ауыстырылған. Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен бизнес нысандарының басым бөлігі Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан.

 «Ұрлық, тонау фактілері бойынша құқық қорғау органдары 1,5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғады. Бүгінгі таңда 163 тұлға күдікті деп танылып, қамауға алынды. Қазіргі таңда 47 қылмыстық іс сотқа жолданды», - деді Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры Бауыржан Ертаев.
 

Серіктес жаңалықтары