Атырау облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды
Аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды. Бұл деректі облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін Атырау облысында 66 жастағы ер адамның жоғалып кеткені хабарланған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ер адамның жоғалғаны туралы 12 ақпанда хабар түскен. Зейнеткер Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан «Сарықасқа» учаскесінен 27 қаңтарда жоғалған. Ол Құлсары қаласына бару үшін жаяу жолға шыққан. Алайда, содан бері одан еш хабар болмаған. Жоғалған ер адамды іздестіру жұмыстары «Үлкен төбе», «Сарықасқа» және «Бекжал» учаскелерінде жүргізілді.