Жол апатына түскен Болат Бақауов пікір білдірді
Оқиға 14 ақпанда сағат 19:00-де Павлодар-Қызылорда трассасында болды
Анық болғандай, апаттың екінші қатысушысы оқиға орнынан ғайып болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Телефон арқылы сұхбат берген Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов жол-көлік оқиғасына түскен Lexus LX 570 автокөлігінің рөлінде өзі отырмаған. Оның сөзіне қарағанда, Болат Бақауов көлікті жүргізуші айдаған, экс-әкім болса көлікті ешқашан өзі жүргізбейді.
Қозғалыс кезінде екінші «Лексус» Болат Бақауов мінген көлікті басып озып, алдында келе жатқан «ГАЗельмен» соқтығысқан.
«Джип жүргізушісі оқиға орнынан ғайып болды – бұл, әрине, дұрыс емес. Есікті әзер аштық, өртенуіміз де мүмкін еді. Менің жүргізушім жолшыбай өткен машинаға мініп, «Лексусты» қуып жетпек болды. Бекер болды», - дейді Болат Бақауов.
Экс-әкімнің айтуынша, артынша Lexus LX 470 жүргізушісі «отбасымен бірге келе жатқаны себепті шошып кеткенін» айтқан көірнеді. Одан кейін трассадағы бір жақты қозғалыс себебінен оқиға орнына кері бұрылып келе алмаған. Аталған маневрді Шідертіге жеткенде ғана жасап, қайта оралған.
Бәрі аман, осы оқиғаның басты қорытындысы сол, деді Болат Бақауов.
Оның облыс аумағы мен одан тыс жүріп-тұруына келсек, оның шартты жазаны өткеруі оның Қазақстан аумағында қозғалуына шектеу қоймайды. Бастысы – өңірлік пробация қызметін уақытылы хабардар ету керек.
Айта кетейік, үш автокөлік қатысқан ЖКО 14 ақпанда сағат 19:00-де Павлодар-Қызылорда трассасының 159-шақырымында Бәйет ауылының маңында болды. Полиция өкілдерінің мәліметінше, жүк көлігі медициналық көмекке жүгінген. Аталған факт бойынша полиция тексеру жүргізуде.