14.02.2022, 18:00
Жаңалықтар
Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Ол 2020 жылдың қазанынан бастап бүгінге дейін вице-министр қызметін атқарды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университетте магистратураны бітірген.
- 2001-2003 жылдары — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.
- 2003-2007 жылдары ҚР қаржы министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
- 2007-2008 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.
- 2008-2016 жылдары — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
- 2016-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
- 2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
