$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 15 қылмыстық іс қаралып жатыр

Президентке «қасіретті қаңтар» оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы туралы баяндалды

Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 15 қылмыстық іс қаралып жатыр
Фото: inform.kz

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша 179 істі тексеріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардың шағымдары бойынша 173 істі жүргізуде. Мемлекетке опасыздық жасау, өкілеттіктерді асыра пайдалану және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауында жатыр», - деді Бас прокурор.

Бас прокурордың айтуынша, тәртіпсіздіктер өршіп тұрған кезде қызметтік ғимараттарды тастап кеткен күштік құрылымдар органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты бөлек тергеу жүргізілуде. Осындай әрекеттердің салдарынан Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында құқық қорғау органдарының арсеналындағы 1500-ден астам қару қылмыскерлердің қолына түскен.

Еске салсақ 6 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2016 жылдан бастап атқарды. Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды.

Кейінірек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарларыы – «А» арнайы мақсаттағы қызмет басшысы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды.

Серіктес жаңалықтары