Тоғжанов «Аманат» тәуелсіз комиссиясының өкілдерімен кездесті
Кездесуде комиссия қызметінің бағыттары туралы сөз болды
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қаңтар оқиғалары кезіндегі фактілерді тергеумен айналысатын «Аманат» тәуелсіз комиссиясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу кезінде құқық қорғаушылар комиссия қызметінің бағыттары туралы әңгіме қозғады.
«Аманат» комиссиясының өкілдері қаңтарда болған оқиғаларды тергеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныс білдірді.
Вице-премьер мемлекеттік органдарға қоғамдық комиссияның әрбір ұсынысын мұқият пысықтап, мәселелерді заңнамада белгіленген тәртіппен шешуді, сондай-ақ комиссия қызметіне қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, «Аманат» қоғамдық комиссиясы 2022 жылы қаңтарда болған оқиғаларға байланысты негізсіз қудаланған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін құрылды.