Былтыр Қазақстанда өңделген тауарлар экспорты 28,3%-ға өсті

Azattyq Rýhy

Өңделген тауарлар саудасы бойынша негізгі серіктес елдердің ондығы жарияланды

Былтыр Қазақстанда өңделген тауарлар экспорты 28,3%-ға өсті
Фото ашық дереккөзден

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның өңделген тауарлар бойынша тауар айналымы 58,1 млрд доллард құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 12%-ға жоғары (51,8 млрд доллар). Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстаннан өңделген тауарлар экспорты 2021 жылы 28,3%-ға өсіп, 19,8 млрд долларды құрады.

Қазақстаннан экспорттың негізгі өңделген тауарлары мыналар болып саналады: мыстан жасалған мыс және катодтар, ферроқорытпалар, уран, ыстықтай илектелген легирленбеген болаттан жасалған жазық илек, мұнай өнімдері, күміс, өңделмеген алюминий, өңделмеген мырыш, легірленбеген болаттан жасалған жазық илек.

2021 жылы Қазақстанға өңделген тауарлар импорты 5,1%-ға өсіп, 38,3 млрд долларын құрады.

Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары мыналар болып саналады: есептеу машиналары, автомобильдерге арналған шанақтар, жеңіл автомобильдер және автомобильдер мен тракторларға арналған қосалқы бөлшектер, телефон аппараттары, бөлшек сауда үшін өлшеп оралған дәрілік заттар. Сондай-ақ вакциналар, қан сарысуы, қан.

2021 жылы Қазақстанның өңделген тауарлар бойынша негізгі сауда әріптестері мыналар болды:

  • Ресей – өңделген тауарлардың екіжақты саудасының жалпы көлемі 19,97 млрд долларды құрады.
  • Қытай – өңделген тауарлардың тауар айналымы шамамен 12,7 млрд долларды құрады.
  • Өзбекстан – өңделген тауарлармен өзара сауда көлемі 2,6 млрд доллардан асты.

Өңделген тауарлар саудасы бойынша негізгі серіктес елдердің ондығына мына елдер кірді: Түркия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия, Оңтүстік Корея, Украина, Нидерланд, Беларусь, Қырғызстан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.