Еліміздің тауар айналымы былтыр 101,5 млрд долларды құрады – Сауда министрлігі
Қазақстанға қандай өнімдер импортталады

2021 жылы Қазақстанның тауар айналымы 2020 жылғы көрсеткіштерден 17,4%-ға асып, $101,5 млрд құрады, тауар айналымының негізгі үлесін өңделген тауарлар бойынша сауда иеленді: 2021 жылы көрсеткіш 58,1 млрд долларды құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 12%-ға жоғары (51,8 млрд доллар). Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Экспорт 2021 жылы Қазақстаннан 26,9%-ға өсіп, 60,3 млрд долларды құрады, Импорт 5,8%-ға өсіп, 41,2 млрд долларды құрады.
«Қазақстаннан экспорттың негізгі тауарлары мыналар: шикі мұнай, шикі мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалар, табиғи газ, уран, кен, темір концентраттары, мыс кендері мен концентраттары, бидай, қоспаланған болаттан жасалған ыстықтай тапталған жазық илек, мұнай өнімдері.
Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары мыналар болып саналады: есептеу машиналары, автомобильдерге арналған шанақтар, жеңіл автомобильдер және автомобильдер мен тракторларға арналған қосалқы бөлшектер, телефон аппараттары, бөлшек сауда үшін өлшеп оралған дәрілік заттар. Сондай-ақ вакциналар, қан сарысуы, қан», - делінген ведомство хабарламасында.
2021 жылы Қазақстанның негізгі сауда серіктес елдері:
- Ресей – екіжақты сауданың жалпы көлемі 24,2 млрд доллар
- Қытай – тауар айналымы шамамен 18,2 млрд долларды құрады.
- Италия – өзара сауда көлемі 9,6 млрд доллардан асты.
Негізгі серіктес елдердің ондығына Нидерланд, Түркия, Өзбекстан, Франция, Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Үндістан, Испания, Румыния, Греция, Швейцария кірді.