Сұйытылған газ бағасы 75 теңгеден аспауы тиіс – Энергетика министрі

Azattyq Rýhy

Қазақстан бойынша табиғи газбен жабдықтау көлемі 58%-ды құрайды

Сұйытылған газ бағасы 75 теңгеден аспауы тиіс – Энергетика министрі
Фото ашық дереккөзден

Республика бойынша сұйытылған газ бағасы 50-70 теңге аралығында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баға облыстардың алшақтығына байланысты бекітіледі. Мысалы, Маңғыстау облысында 50 теңге, ал алыс облыстарда баға 75 теңгеден аспауы тиіс.

«Болашақта тұтынушылардың көлемі өстетін болса, бізге газ қажет болады. Қазір «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса, жаңа газ зауыты  салынады деген жоспар бар. Келер жылы іске қосылады. Қазір газдың 50 теңге деп бекітілген бағасы өте төмен. Бұл ретте, тұтынушылар мен қатар, газ өңдейтін зауыттардың экономикалық тиімділігін ойлау керек. Бағаны көтермес үшін арнайы ережелер дайындап жатырмыз. Бекітілген бағадан жоғары сома қойып сатып жатқандар болса, оны анықтаймыз», дейді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Оның айтуынша, Қазақстан бойынша табиғи газбен жабдықтау көлемі 58%-ды құрайды. Бұл көлемді арттыру үшін арнайы бағдарлама іске асады. Қосымша қаражат көлемін тарту көзделген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.