Швейцариялық банктер қазақстандықтардың есеп-шоттарын жария етеді
Банктер өз клиенттері туралы ақпарат жинауды 2020 жылдан бастайды, ал 2021 жылдан бастап шетелдік билік органдарына аталмыш мәліметтерді жолдауға кіріседі
Швейцариялық банктер 19 елдің, соның ішінде Қазақстанның билік органдарына 2021 жылдан бастап өз клиентері туралы мәлімет беруді бастайды. Швейцария қаржы министрінің мәліметінше, банк салымшылары туралы ақпарат жинауды 2020 жылдан бастайды, ал 2021 жылдан бастап шетелдік билік органдарына аталмыш мәліметтерді жолдауға кіріседі. Аталған 19 елдің ішінде Қазақстаннан бөлек Түркия, Әзірбайжан елдері де бар. Мұндай шешімді Швейцария парламенті қабылдап отыр, деп хабарлайды swissinfo сайты.
Бұл шешімді Швейцария халықтық консерваторлар партиясының өкілі Томас Маттер ғана қолдаған жоқ. «Банктердің өз тұтынушылары туралы ақпаратты сол елдің билік органдарына беруге болмайды» дейді депутат. Алайда, депутаттың бұл пікірімен Швейцария қаржы министрі мен оның «халықтық» партиядағы әріптесі Ули Маурер келіспейді.
«Швейцария шетелдік салық ведомстволарына банктік және салықтық деректерді автоматты түрде жеткізуге міндетті, өйткені ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, салықтардан тазарту және кетіру саласындағы жаңа стандарттарына көшуге міндеттеме қабылдады. Егер мұны жасамаса, онда елге санкциялар жарияланады, бұл ең алдымен экономикаға кері әсерін тигізеді», — дейді Ули Маурер.
«Біз өз-өзімізді алдамауыз керек, әлемде жемқорлық жайлаған елдер көп. Бұл тек сақтық шарасы», - дейді қаржы министрі.
Социалистік партия депутаттары да демократиялық емес елдерге швейцариялық банк деректерін беруге қарсы емес.
Ұлттық банктің мәліметінше, қазақстандықтардың ұлттық валютадағы салымдары 2019 жылдың қаңтар-тамызында 3,9 трлн теңгеге дейін өсті (5,4%), ал шетелдік валютада керісінше, 3,7 трлн теңгеге дейін қысқарды (5,1%).