Түркістан облысында ұлының соққысынан көз жұмған қарияның денесі қабірден қайта қазылды
Марқұмның денесі эксгумацияланды

Түркістан облысында ұлынан зәбір көрген қарт әкенің денесі эксгумацияланып, сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған дейін Шардарада ұлы әкесін қорлаған жағдай туралы хабарланған болатын.
Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда. Желідегі мәліметке сүйенсек, ер адам 3 қыркүйекте қайтыс болған. Ол жүрек және омыртқа ауруларымен дәрігерлердің бақылауында болған. Алайда дене жарақаттарына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қайтыс болғаннан кейін туыстары дер кезінде хабар бермегендіктен, дәрігерлер өлім туралы анықтама бере алмаған. Соның салдарынан ер адамның денесі эксгумацияланып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері кейін жарияланады.
Ер адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.