$ 539.54  637.09  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:40
AR trend

Баян Алагөзова Түркияда коронавирус жұқтырып, он күн төсегінен тұра алмай қалған

Продюсер әлі де әлсіздік сеземін дейді

Баян Алагөзова Түркияда коронавирус жұқтырып, он күн төсегінен тұра алмай қалған
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Продюсер Баян Алагөзова Түркияға демалыста жүргенде коронавирус жұқтырып, қатты ауырғанын айтады, деп жазады Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, бұл жолғы вирус оны мүлде әлсіретіп, актриса күн төсектен тұра алмаған екен.

«Достар, мені сағынған боларсыздар! Ұзақ уақыт тікелей эфирге шыға алмадым. Жуырда Түркияға барып, демалып келдім. Өте жақсы демалдық. Айтпақшы, осы аралықта коронавируспен ауырып шықтым. Бұл жолы қалай ауырғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Түркияда жүргенде-ақ әлсіздік сезіле бастаған еді, елге келген соң он күн төсектен тұра алмай қалдым. Сақ болыңыздар, вирус әлі тарап жүр», - дейді ол өзінің әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, жуырда Баян Алагөзова проюсерлік ететін KeshYou тобының «Маған қара» клипі сынға ұшыраған еді. 

 

Серіктес жаңалықтары