13.09.2025, 11:07
Жаңалықтар
Баян Алагөзованың жаңа жобасы сынға ұшырады (ВИДЕО)
Топ көпшілікке жаңа бейнебаянын ұсынған еді
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
KeshYou тобының «Маған қара» әніне түсірілген бейнебаяны әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қазақстандық көрерменнің қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа бейнебаянға қатысты пікірлер
Желі қолданушылары бейнебаянға қатысты пікірлерін жасырған жоқ. Әсіресе, топтың сахналық костюмдері мен музыкалық мазмұны көпшіліктің көңілінен шықпаған. Instagram желісіндегі пікірлердің бірінде:
- «Әндері көңілден шықпайды, әдемі қыздар, бірақ киімдері сәйкес емес»,
- «Тағы бір клип түсірді. Өтеді деп ойлаған болар, бірақ өтпеді»
- «Бұл топты ән айтатын іш киім деп атаса болады» деген сыни жазбалар қалдырылды.
Продюсер мен топтың реакциясы
Әзірге KeshYou тобы да, олардың продюсері Баян Алагөзова да қоғамдық пікірге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
KeshYou – Қазақстандағы ең танымал қыздар тобының бірі. Жоба 2000-жылдардың ортасынан бері отандық шоу-бизнестің алдыңғы қатарында. Соңғы жылдары топтың репертуары жиі сынға ілігіп жүр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды