КВИ таралуы бойынша тағы бір облыс «қызыл» аймақтан шықты
Өткен тәулікте республика бойынша 1957 адам коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 13 ақпанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матрица бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1957 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 1 289 909 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 15 адам көз жұмды.