Елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам көз жұмды
Қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған 348 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 13 ақпандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 14 адам қайтыс болды.
13 ақпандағы мәлімет бойынша, 57 581 адам коронавирус инфекциясынан (–56 399+ және 1 182 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 260 пациент стационарда, 50 321 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 348 адамның жағдайы ауыр,
- 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 98 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 12 ақпандағы мәлімет бойынша 70 жаңа жағдай тіркелді, 88 адам емделіп шықты, 1 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 87 551;
- жазылып шыққандар саны – 81062;
- өлім жағдайы – 5 307.