11.02.2022, 20:43
Жаңалықтар
Алматыда үш қоғамдық көлік соғысты
Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде
inform.kz
Алматыда үш автобус соқтығысты. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, жол апаты бүгін сағат таңғы сағат 10:30 шамасында Райымбек даңғылында болды.
«YUTONG BUS маркалы автобус жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып қашықтықты сақтамау салдарынан алдында келе жатқан SAZ автобусымен соқтығысқан. Сосын SAZ автобусы сол бағытта келе жатқан үшінші YUTONG маркалы автобусқа соғылды. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Полиция өкілінің сөзінше, аталған факт бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 10:01
Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды