Өскеменде жоғалып кеткен 52 жастағы мүгедек әйел іздестірілуде
Ол үйінен 9 ақпанда шығып кеткен

Өскемен қаласында із-түссіз жоғалып кеткен 52 жастағы мүгедек әйел іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 9 ақпанда үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған әйел адамды іздестіруде.
«Полицияға оның қызы хабарласып, көмек сұраған. Белгілі болғандай, 52 жастағы Елена Филиппова IІ топтағы мүгедек. Ол екі күн бұрын таңғы сағат 6:00 шамасында сыртқа шығып кеткен. Үстінде халат пен тәпішке ғана болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында әйелдің туыстары мен таныстарының үйлерін тексеруде. Сондай-ақ оларға еріктілер де көмектесіп жатыр.