$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында мұғалімдердің жалақысына бөлінген 17 млн теңгені жымқырған алаяқ ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Түркістан облысында мұғалімдердің жалақысына бөлінген 17 млн теңгені жымқырған алаяқ ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында 40-тан астам мұғалімнің есепшотынан ақша жымқырған алаяқ  құрықталды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ол  Шардара қаласындағы бірнеше мектептің  қазынасына қол салды деген күдік бар.  Мұғалімдердің жалақысына деп бөлінген 17 млн теңгені қолды қылған.   

«Күдікті адам Алматы қаласында жүрген жерінен Шардара аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен ұсталып, Шардара аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлігі 2-ші тармағымен Шардара аудандық полиция бөлімінің өндірісінде тергелуде», - дейді Шардара аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Бақдәулет Рысқұл.

Полицияның дерегінше, жас жігіт бұрын қаржы саласында еңбек еткен. Өткен қыркүйекте жұмыссыз қалған ол ақша қажет болғасын «оңай жолмен» табыс табуға кірісіпті.   Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары