$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған қару-жарақ әлі де бұзақылардың қолында жүр

Ал қару-жарақтардың көбі қараусыз қалған ғимараттардың жертөлесі мен зираттарға жасырылыпты

Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған қару-жарақ әлі де бұзақылардың қолында жүр
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған қару-жарақ әлі де бұзақылардың қолында жүр. Қаскөйлердің көбі суық қаруларды ешкім таба алмайтындай етіп мұқият жасырған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Тәртіп сақшылары иісшіл ит жетектеп қаладағы адам қарасы көп бара бермейтін орындарға дейін аралауға мәжбүр. Ал қару-жарақтардың көбі қараусыз қалған ғимараттардың жертөлесі мен зираттарға жасырылыпты. Соңғы рет осы аумақтардан 15 қару мен мыңға жуық оқ-дәрі табылған. Оның үшеуі Калашников автоматы, екеуі аңшы мылтығы және бірнеше тапанша бар. Бұлардың бәрі сот-баллистика сараптамасына жіберілді. Жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция департаментінен қанша қарудың қолды болғаны сол күйі айтылмады. Белгілісі, күні бүгінге дейін олардың 250-ге жуығы табылған. Ал кейбір тұрғындар қаруды өз еркімен тапсырып жатыр. 

«Қаруды полицияға өткізу акциясы да жалғасуда. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың жасырылған орны туралы хабарлаған немесе полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді», - дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

Серіктес жаңалықтары