Желіде "Мемлекет басшысы ел астанасын Қостанайға көшіру туралы мәлімдеді" деген жалған ақпарат тарады

Azattyq Rýhy

Еліміздегі негізгі БАҚ мұндай хабарламалар жарияламаған

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың астананы Қостанайға көшіру туралы мәлімдегені жайлы ақпарат таралып жатыр. Stopfake.kz мұның жалған ақпарат екенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сайттың жазуынша, ресми дереккөздерде мұндай ақпарат жоқ. Еліміздегі негізгі БАҚ мұндай хабарламалар жарияламаған. Елорданы көшіру туралы мәлімдеме akorda.kz ресми порталында да шықпаған. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында да бұл туралы жазбаған. Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің Twitter-аккаунтында да ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жаңалық жоқ. Демек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан астанасын Қостанайға ауыстыру туралы мәлімдеме жасағаны туралы ақпарат жалған.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.