$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда Шығыс айналма жолының әртүрлі учаскелерінде бір мезетте үш жол апаты орын алды

Аталған үш факт бойынша да Медеу ауданының полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр

Алматыда Шығыс айналма жолының әртүрлі учаскелерінде бір мезетте үш жол апаты орын алды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда Шығыс айналма жолының әртүрлі учаскелерінде бір мезетте үш жол апаты орын алды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты 8 ақпан күні таңғы сағат 9:30 шамасында тіркелді. Көліктердің бірінші соқтығысуы Расулов ​​көшесінің қиылысында болды. Mercedes тізгіндеген әйел адам Шығыс айналма жолының солтүстік бағытында келе жатып, Chevrolet көлігімен соқтығысқан.

"Нәтижесінде екі көлік те зақымданды. Бақытымызға орай, адамдар зардап шеккен жоқ", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Екінші жол апаты Шығыс айналма жолындағы 7/5 үйінің жанында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, сол бағытта келе жатқан әйел басқарған Toyota Yaris көлігімен соқтығысқан.

"Нәтижесінде адамдар зардап шеккен жоқ, тек көліктер жөндеуді талап етеді", - деп қосты Әзірбек.

Үшінші жол апаты Нұрмағамбетов көшесінің қиылысында тіркелді. Mitsubishi Lancer жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. 

"Бұл жерде де зардап шеккендер жоқ. Аталған үш факт бойынша да Медеу ауданының полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - деп түйіндеді Салтанат Әзірбек.

 

Серіктес жаңалықтары