Шымкенттік полицейлер заңсыз қару алып жүрген тұрғынды ұстады
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде
Шымкенттік полицейлер заңсыз қару алып жүрген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің 9 рота қызмет инспекторы Б.Алсейтов 5 ақпанда түнгі сағат 02:00 шамасында қызмет атқару барысында жаяу жүргіншілер өткелінен күмән тудырған азаматты байқайды. Тәртіп сақшысы өзін таныстырып, құжаттарын сұрағанда азаматтың қалтасынан пакетке оралған қаруға ұқсас зат анықталған. Ер азамат Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша азаматқа қатысты оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Сондай-ақ, азаматтың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.