Қостанайда компанияның банкроттық басқарушысы қомақты парамен ұсталды
Қазіргі кезде тергеу жалғасуда
Қостанайда компанияның банкроттық басқарушысы қомақты парамен ұсталды. Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан 100 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Астана арнасы.
Жемқор басшы банкротқа ұшыраған кәсіпорынды борышкерлер тізіміне енгізу үшін сыйақы дәметкен көрінеді. Күдікті қомақты сомманың жартысын алу кезінде қолға түсті. Парақордың қай серіктестіктен қаражат талап еткені әзірге беймәлім. Тергеуге байланысты құзырлы орган өкілдері артық ақпарат таратудан бас тартты.
«Күдікті бұрын келісілген сомманың яғни 100 миллион теңгенің жартысын елу миллион теңге алған кезде ұсталды.Қостанай қаласының тергеу соты күдіктінің екі ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді. Қазіргі кезде тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды», - дейді Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аға жедел уәкілі Көркем Бектасова.