$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кей өңірлердегі ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді – Бас прокуратура

Бұл деректер бойынша арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр

Кей өңірлердегі ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді – Бас прокуратура
Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді. Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді. Құқық қорғау органдарының кейбір басшылары құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған арнайы бөлімшелердің іс-әрекеттерін әдейі бұғаттады деген нұсқаны қарастырып жатырмыз", - деді Ожаров ОКҚ брифингінде.

Бұл деректер бойынша арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алу әрекеті туралы қылмыстық істерді тергеп жатыр. Бүгінде ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Билікті асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметі директорының бірінші орынбасары және осы қызмет орталығының бастығы ұсталды. Қылмыстық іске "өте құпия" белгісі берілген, сондықтан ұлттық қауіпсіздік мүддесінде тергеудің мән-жайын ашуға болмайды", - деп толықтырды арнайы прокурорлар қызметінің бастығы.

 

Серіктес жаңалықтары