$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақтың классик жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды

Жазушы биыл 98 жасқа толар еді

Қазақтың классик жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Классик жазушы, ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагері, даңқты Әбдіжәміл ақсақал Нұрпейісов қайтыс болыпты. Иман байлығын берсін. Адамзаттың басынан өткен небір сұрапыл дәуірлерді тәнімен де, жанымен де сезінген Алып Жүрек ғасырға жақындап барып тоқтапты. Көрмеген көшесінен жарылқасын!», - деп жазды Жанарбек Әшімжан.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының, Арал ауданының, Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген.

«Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы Ә.Нұрпейісовтің ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің табысы. Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды. Жазушы ретінде «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», Қазақстан мемлекетінің «Отан» орденімен марапатталған.

Ол – КСРО Мемлекеттік сыйлығының  иегері. Бұл мәртебелі сыйлықты жазушылардан  Қазақстанда  үш  қаламгер : Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиев қана алған.



 



 

 

Серіктес жаңалықтары