Павлодарда ауаның неден ластанғаны белгілі болды
Ауада коррозиялық заттардың жинақталуы байқалады

Кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймақтарына экологтармен апта сайын кесте бойынша мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімінің басшысы Мөлдір Құлмағамбетованың айтуынша, олар «Қазақстан проект» тәуелсіз зертханасымен, «Қазақстан Алюминиі» зертханасы және Ұлттық сараптама орталығының зертханасымен бірлесіп ауаның өлшеулерін жүргізді.
«Біз «Ганк Газоанализаторы» аспаптарымен және екі мобильді зертханамен қатар өлшеу жүргіздік. Airkaz қосымшасы NO2 (азот диоксиді) жоғарылағанын көрсетті, бірақ біздің барлық құрылғыларымыздан ешқандай асып кету анықталған жоқ», - деді Мөлдір Құлмағамбетова.
Экологтар ауаның ластануына желдің болмауы басты себеп болды деп санайды.
«Соңғы уақытта бізде қолайсыз метеожағдайлар, жел болған жоқ. Осы кезде ауада коррозиялық заттардың жинақталуы байқалады. Негізінен сағат 19:00-ден кейін байқалады», - деді зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімінің басшысы.
Соңғы уақытта Павлодарда түтін пештерден, автокөліктерден және кәсіпорындардан жиналатын шаң жиі тіркеледі.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда аумақтық экология департаментінің басшысы Ілияс Құрамысов Павлодар тұрғындарынан келіп түскен шағымдарға байланысты атмосфераға шығарындыларды өлшеуге өзі шыққан болатын. Онда шаңның асып кетуі анықталды