ШҚО-да қос азаматтығы бар адам елден шығарылды
Конституцияға сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді
ШҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында полицейлер «қос» азаматтық фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресей Федерациясының азаматы заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының азаматтығын алу фактісі туралы хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасынан шығарылды.
2021 жылдың желтоқсанында әйелдің тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шықпай, Ресей Федерациясына кетіп, Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны анықталды, осылайша елдің азаматтық туралы заңнамасын бұзған.
Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді және ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, көші-қон қызметі бөлімшелерін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабардар ету қажет.