Атырау – Орал жолының құрылысы 2023 жылы басталады
Атырау облысынан өтетін жолдарға 100 млрд теңгеден аса қаржы керек
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел қоғам белсендісі Ләззат Өтепова «Атырау – Орал» жолының 189 км бөлігі 2002 жылы жөнделгенін және қазіргі кезде қайта жаңғыртуды қажет ететінін жеткізді.
Сондай-ақ бұл жұмыстардың қалай жоспарланғаны және қашан қолға алынатыны туралы ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев айтып берді.
«Бұл жұмыстар жоспарда бар. Атырау – Орал – ең маңызды жолдардың бірі. Ұзындығы – 519 км, оның 184 шақырымы Атырау облысы арқылы өтеді. Сол себепті биыл жобасы бітсе, 2023 жылы құрылысы басталады. Атырау облысынан өтетін жолдарға 100 млрд теңгеден аса қаржы керек. Қазір басқа жолдардан босаған ақша 90 млрд теңгені құрайды. Сондықтан Үкімет басшысы ұсынысымызды қолдаса, ақша бар деп санауға болады, сонда жөндеу жұмыстары қолға алынады», - деді ведомство басшысы.