01.02.2022, 09:52
Жаңалықтар
Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы сайтында жазылған
Фото: akorda.kz
Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 002PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін.
- Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
- Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
17.08.2026, 13:19
Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)
17.08.2026, 10:59
Ақтауда ер адам ішіп алып, әйелін басынан ұрғаны үшін 25 күнін темір қапаста өткізетін болды
17.08.2026, 09:11
Степногорскіде мас әйел полицейдің беті мен мойнын тырнап тастады