Нұрлан Нығматулиннің депутаттық өкілеттігі өз өтініші бойынша тоқтатылды
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Нығматулин өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ОСК хабарлауынша, Нығматулиннің өтініші өкілеттілігін тоқтатуға негіз бола алады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», - деп хабарланған ОСК сайтында.