31.01.2022, 23:54
Жаңалықтар
Желіде Ерболат Досаевтың жалған аккаунттары пайда болып жатыр
Әлеуметтік желілерде Ерболат Досаевтың жалған аккаунттары пайда болып жатыр
Фото: informburo.kz
Алматы әкімдігі әлеуметтік желілерде Ерболат Досаевтың атынан жалған аккаунттар пайда болып жатқанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы қаласы әкімінің атын қолданып, әлеуметтік желілерде аккаунттардың жаппай пайда болуына байланысты, бұл профайлдардың жалған екенін және қала әкімі Ерболат Досаевқа еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған орай тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұраймыз», - делінген әкімдік хабарламасында.
Еске сала кетсек, бүгін, 31 қаңтарда Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарған болатын.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты