$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы қаласының әкімі ауысты

Ерболат Досаев бұған дейін Ұлттық банктің төрағасы қызметін атқарды

Алматы қаласының әкімі ауысты

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылсын», - делінген Президент Жарлығында.

Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

  • 1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған;
  • 1998 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған;
  • 1998 жылы ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі лауазымын атқарған;
  • 2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
  • 2001 жылы – Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
  • 2001-2003 жылдары – ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
  • 2003-2004 жылдары – ҚР қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; ҚР Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі;
  • 2004-2006 жылдары – ҚР денсаулық сақтау министрі;
  • 2006-2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап – ҚР экономикалық даму және сауда министрі;
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан бастап – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
  • 2014 жылғы 6 тамызда ҚР Президентінің № 880 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2015 жылғы 30 сәуірде ҚР Президентінің № 5 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. 
  • 2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы.
  • 2017-2019 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
  • 2019 жылдан бүгінге дейін Ұлттық банктің төрағасы қызметін атқарды.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымына 2019 жылдың маусым айында тағайындалған болатын.

Серіктес жаңалықтары