$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Вакцина алмаған тұрғындарға коронавирустың емін ақылы ету ұсынылды

Бір науқасты реанимацияда емдеу Франция билігіне 3340 долларға шығады

Вакцина алмаған тұрғындарға коронавирустың емін ақылы ету ұсынылды
© Sipa via AP Images

Францияда дәрігерлер вакцинацияланбаған тұрғындар үшін COVID-19 емін ақылы етуді ұсынды, өйткені елдің денсаулық сақтау шығындары үнемі өсіп келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, орташа алғанда, бір науқасты реанимацияда емдеу Франция билігіне 3340 долларға шығады.

Ал Австралия үдеткіш вакцинациялауға құқығы бар азаматтардың тізімін кеңейтті. Енді ревакцинация 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін қолжетімді болды. Билік бұл шешімді елде коронавирустан болатын өлім көрсеткішінің өсуі аясында қабылдады.

Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Бразилияда – 269 968, Түркияда – 93 586, Жапонияда – 81 816, Нидерландыда – 74 085, Оңтүстік Кореяда – 17 542.

Серіктес жаңалықтары