$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында дәрігерлер мен мұғалімдерге сұраныс артып отыр

Жергілікті билік жас мамандарды ауылға тартуға арналған арнайы бағдарлама әзірлеген

Әсіресе бұл сұраныс соңғы бес жылда артқан. Аға буынның алды зейнет жасына жақындаған. Осыған байланысты жергілікті билік жас мамандарды ауылға тартуға арналған арнайы бағдарлама әзірлеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Соның нәтижесінде былтыр облысқа 80-ге тарта дәрігер мен ұстаз келген. Индер ауданы «Көктоғай» ауылдық емханасының жалпы тәжіирбелік дәрігері Ақлима Сағынованың жұмыс күні қашан да қарбаласқа толы. Себебі 2000-ға тарта тұрғынның басым көпшілігі алыс қыстақтарда тұрады. Олардың басы ауырып, балтыры сыздай қалса, уақытпен санаспай дәрігер іздейтіні ақиқат.

«2019 жылы осы амбулаторияда жұмыс бастадым. Жұмысым өзіме жақсы, жұмыс істеуге жағдай жасалған қызметтік пәтер берді. Қазір қыстақтардан да шақыртулар болады. Оның бәріне үлгеріп жұмысымызды атқарудамыз», - дейді жас маман Ақлима Сағынова.

Индер ауданына былтыр 17 мұғалім мен 4 дәрігер келді. Одан өзге арнайы кәсіби орта білім алып келген жастар да бар. Бүгінде солардың 15-і пәтермен қамтылып, 25 жас маманға көтерме жәрдемақы төленген.  Дегенмен аудан мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті, химия, биология пәні мұғалімдері тапшы. Сондай-ақ ауылдық жерлерде акушер-гинеколог, терапевтер мен хирургтер жетіспейді.

Жалпы, Атырау облысы бойынша  200-ге тарта дәрігер мен 150-ден астам мұғалімге сұраныс бар. Жас мамандарды ауылға тарту мақсатында жергілікті билік еліміздегі жоғарғы оқу орындарымен келісімшарт жасасқан. Оның негізінде ауылға келген жас маман 5 жыл тұрақты жұмыс істеуі тиіс. Кейін алған баспанасын жекешелендіріп алуына болады. Өмірін ауылмен байланыстырамын дегендерге мемлекеттің қосымша қолдауы бар.
 

Серіктес жаңалықтары