$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар Қысқы Олимпиада жарыстарын 3 ақпанда бастайды

Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсі 4 ақпанға жоспарланған

 

Қазақстандықтар Қысқы Олимпиада жарыстарын 3 ақпанда бастайды

Қазақстандық олимпиадашылар алғашқы жарысын 3 ақпан күні бастайды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетеді. Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды.

Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі:

3 ақпан

Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу

Могул, ерлер. Бірінші іріктеу

5 ақпан

Могул, ерлер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал

6 ақпан

Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал.

Серіктес жаңалықтары