$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2019, 17:46
Жаңалықтар

Петропавлда науқас әйелдің ақшасын қолды еткен алаяқ ұсталды

Күдікті науқасты шетелде емделуге көмектесем деп алдаған

Петропавлда науқас әйелдің ақшасын қолды еткен алаяқ ұсталды
Көрнекі фотосурет

Петропавлда сырқат әйелдің еміне жинаған ақшасын қолды еткен алаяқ ұсталды. Күдікті жәбірленушіні интернеттегі хабарландыру арқылы тауып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алаяқ сырқат әйелге телефон арқылы хабарласып, шетелдік клиникалардың біріне баруға көмектесе алатынын, емдеу мекемесіне алдын-ала төлем жасау қажеттігін айтады. Тіпті, дәрігерлермен ота жасауға келісіп беруге уәде еткен. Дертіне шипа іздеп қиналған жан 300 мың теңгені алаяқтың шотына ойланбай-ақ аударып жіберген. Қаражат қолына тигеннен кейін 34 жастағы жігіт телефонын өшіріп, ізін суытқан.

«Соңғы кезде интернеттегі алаяқтар белсенді әрекет етуге көшкен. Олар арам ойларын жүзеге асыру кезінде неше түрлі тәсілдерді пайдаланады. Қаскөйлердің құрбанына айналмас үшін бейтаныс адамдардың қаржы жөніндегі ұсыныстарын қабылдамаған жөн. Өздерін менеджер, банктің қызметкері немесе қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған тұлғалар күмән тудырса, бірден полицияға хабарласу қажет», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы басшысы, полиция полковнигі Петр Климов.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

 

Серіктес жаңалықтары