Алматы облысында жоғалып кеткен екі оқушы табылды
13 жастағы В.Халтурин мен С.Сидельников ойнауға шыққан беті із-түссіз жоғалған еді
Алматы облысында жоғалып кеткен екі оқушы аман-есен табылды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұған дейін Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігі екі оқушының үш күннен бері табылмай жатқаны туралы жазған болатын.
13 жастағы В.Халтурин мен С.Сидельников ойнауға шыққан беті із-түссіз жоғалған еді. Облыстық ПД екі баланы тауып, ата-аналарына табыстағандарын мәлімдеді.
«Әлеуметтік желіде Алматы облысы аумағында екі жасөспірім үш күннен бері табылмай жатқандығы жөнінде ақпарат тараған. Алматы облысының Полиция департаменті отбасы мүшелерінің бұл дерекке қатысты полицияға хабар бермегенін және кәмілеттік жасқа толмаған екі баланың аман-есен табылғанын хабарлайды. Балалардың іздеу жұмысына Lider.kz волонтерлық қозғалысы атсалысқан. Ұлдар Байсерке және Жалқамыс елді мекендерінен табылып, отбасыларына қайтарылды. Облыстық полицейлер қоғамдық белсенділік танытқан азаматтарға алғыс білдіреді»,- деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы