Қылмыс жиі болатын орындарда модульдік үлгідегі полиция бекеттерін орнату жоспарланып отыр
Модульдік үлгідегі стационарлық бекеттер жергілікті атқарушы органдардың жәрдемімен құқық бұзушылықтарға неғұрлым бейім жерлерде орнатылатын болады, дейді ҚР ІІМ
ҚР Ішкі істер министрлігі халыққа ыңғайлы болуы үшін криминогендік учаскелерде және құқық бұзушылыққа аса бейім жерлерде модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерін орнатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Модульдік бекеттер барлық коммуналдық жайлылықтармен (желдеткіш, су құбыры, кәріз, жылу), коммуникация (компьютер, телефон, радиостанция) және қауіпсіздік (бейнебақылау, «шақыру домофоны» жүйесі) жүйелерімен жарақтандырылатын болады.
«Осындай бекеттерде полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет көрсетеді. Күндізгі уақытта сағат күзет орнында 8.00-ден 20.00-ге дейін учаскелік полиция инспекторы болады және азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдайды. Күзет орындары мен іргелес аумақтарда құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін патрульдік қызметтің кезекшілігі ұйымдастырылатын болады», - делінген хабарламада.
Жаңа енгізілім азаматтардың өтініштеріне полицияның уақытылы және сапалы әрекет етуін қамтамасыз етеді, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау тиімділігін арттырады деп күтілуде.
Модульдік үлгідегі стационарлық бекеттер жергілікті атқарушы органдардың жәрдемімен құқық бұзушылықтарға неғұрлым бейім жерлерде орнатылатын болады.