$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2019, 11:56
Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі 7 млрд теңгеге бір су қоймасын сала алмаған

Парламент Сенатының депутаттары Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов Үкімет басшысынан су қоймасының құрылысы үшін тағы қаражат бөлуді сұрап отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі 7 млрд теңгеге бір су қоймасын сала алмаған
Фотоколлаж

Жезқазған қаласының халқына сапалы ауыз су жеткізеді деп жоспарланған Есқұла су қоймасының құрлысына алдымен 6 млрд теңге, кейін қосымша тағы 1 млрд теңге ақша бөлінген еді.

Парламент Сенатының депутаттары Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов Үкімет басшысы Асқар Маминнен су қоймасының құрылысы үшін тағы қаражат бөлуді сұрап отыр.

Қазір Жезқазған қаласының халқы 100 мың адам шамасында. Облыс орталығы Қарағандыдан бар-жоғы 500 шақырым жерде тұрған Жезқазған халқы таза су сұрағалы көп болған.

«Сонау кеңес заманынан бері кермек судың дәмін татып, азабын арқалап келе жатқан жезқазғандықтардың бұл түйткілін шешудің жолдары көптен қарастырылып келе жатқанымен, түбегейлі нәтижеге қол жеткізудің сәті келмей, сағызша созылғанына бірталай жылдардың жүзі болды», - деген депутаттар Премьер-Министр Асқар Маминнің атына жолдаған сауалдарында.

Осы мәселені шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі 2010 жылы Есқұла тораптық су өткізгішінің құрылысын бастап, ол құрылысқа 6 млрд теңге қаражат алған. Бірақ, құрылыс басталғанда, 2012 жылы су қоймасындағы кешен құлайды. Сондықтан, жобалық-сметалық құжат осы апатты ескеріп қайта дайындалады да құрылысқа қосымша тағы 1 млрд 100 млн теңге бөлінеді.

«Жобаға иелік етуші Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитет жыры көбейген бұл су өткізгіш құрылысын 2014 жылы қайта жандандырып, 2017 жылы толық аяқтауды жоспарлаған еді. Бірақ, басталған сот рәсімдеріне сәйкес жобаны аяқтау 2018 жылға қалды. Бүгінгі күнге игерілген қаржы көлемі 5 млрд 164 млн теңгені құрап отыр. Ал істелуге тиіс жұмыс көлемі әлі жетерлік. Осылайша, 2010 жылы басталған жобаны іске асыру мерзімі әртүрлі себептермен жылдан-жылға кейінге шегеріліп, әлі күнге дейін аяқталмай келеді», - дейді депутаттар.

Депутаттар Премьер-Министр Асқар Мәминнен айтылған мәселенің аса маңыздылығын ескере отырып, Жезқазған каласының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің бірден бір кепілі - Есқұла су өткізгішінің құрылысын толықтай аяқтауға қажетті қосымша қаражат бөлуге  қаржыны ықпал етуін сұрайды.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары