14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды
14 қаңтар күні республиканың басым аумағында қар жауып, бұрқасын болады, сондай-ақ, бірқатар облыста дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Ресейдің арктикалық жағалауынан ығысқан атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, бұрқасын болады, батыс жақтан қатты жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін барады.
Петропавлда бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 25 м/с жел соғады.
Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында да қар жауып, бұрқасындатады. Түнде кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с болады.
Ақтөбе облысының кей аумағында бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының кей аумағына тұман түсіп, бұрқасын болады, күндіз қатты жел соғуы мүмкін.
Қызылорда облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.