Қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия құрылды

Azattyq Rýhy

Комиссия құрамына белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлер кірді

Қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия құрылды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия құрылды, оны белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омарова басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айман Омарованың айтуынша, комиссия құрамына белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлер кірді.

«Біз тәуелсіз қоғамдық комиссиямыз. Екі мыңнан астам қылмыстық іс бар. Комиссия тек жәбірленушілерді, полицияны, соққыға жығылғандарды ғана тексеріп, зерттемейді. Қазақстанда неге осындай қанды оқиға болды? Осыған баса назар аударамыз. Түгел зерттейміз. Комиссия құрамында қорғаушылар болады, олардың барлығы тәжірибелі, қылмыстық істі қарайтын қорғаушылар. Комиссия мүшелерінің тізімі бар. Бірақ, олардың кім екенін қауіпсіздік үшін жарияламаймыз», - дейді ол.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.