Ақтөбедегі медуниверситет жатақханасынан өрт шықты

Azattyq Rýhy

Өртті ауыздықтауға 40-тан аса өртсөндіруші және 11 арнайы көлік жұмылдырылған

Ақтөбедегі медуниверситет жатақханасынан өрт шықты
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбедегі медуниверситет жатақханасынан өрт шықты. Бұл туралы «Диапазон» сайты жазды.

Басылым мәліметінше, 25 қаңтарда таңертең жатақхананың 3-қабатындағы бөлмеде тоңазытқыш жанған. Жалын бүкіл бөлмеге, ал қалың, улы түтін дәліздер мен басқа бөлмелерге тараған.

Өртті ауыздықтауға 40-тан аса өртсөндіруші және 11 арнайы көлік жұмылдырылған. 

"Бұл жатақханада 285 адам тұрады, олар Үндістаннан келген студенттер. Бұл уақытта 95 студент оқуда, қалғандары ғимаратта болды. 16 шаршы метр бөлме толық жанып кетті, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Қатты түтін жұмыс істеуге кедергі келтірді. Қызметкерлер жедел жұмыс істеді. Нәтижесінде, 131 адам эвакуацияланды, 39 адам құтқарылды, өрт ауыздықталды", - деді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің бастығы Арман Қадыров.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.