$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ДДСҰ бес жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын салуға рұқсат берді

Арнайы жүргізілген зерттеу 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды вакцинациялаудың тиімділігін көрсеткен

ДДСҰ бес жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын салуға рұқсат берді
Фото ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) стратегиялық иммундау жөніндегі сарапшылар тобы (SAGE) Американдық Pfizer компаниясының вакцинасын 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға да салуды мақұлдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, жақында жүргізілген зерттеу 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды вакцинациялаудың тиімділігін көрсеткен. Бұл жас тобы үшін 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданылатын дозаның үштен бірі ұсынылады, ол 0,3 миллилитр.

Сонымен қатар, құжат қауіпті топтарға жататын адамдар – қарттар мен денсаулық сақтау қызметкерлері үшін алғашқы егуден алты ай өткен соң үдеткіш вакцинаны енгізуді ұсынады.

 

Серіктес жаңалықтары