$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру бойынша мораторий алынады

Құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында талқылау үшін 3 ақпанға дейін орналастырылған

Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру бойынша мораторий алынады
Фото ашық дереккөзден

Мораторий алып тастау мемлекеттік сатып алуға қатысатын шағын, микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлыққа толықтырулар енгізілетін Президент Жарлығының жобасын дайындады.

«Мемлекет басшысы 2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында іс-әрекетінде картельдік келісімдердің белгілері байқалатын сатып алуға қатысушылар үшін тексерулер жүргізуге мораторийді алып тастауды тапсырды. Осыған байланысты мораторий енгізу туралы Жарлыққа тиісті ерекшелік енгізіледі», – делінген түсініктемеде.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында талқылау үшін 3 ақпанға дейін орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары