Қазақстан әскер саны бойынша 166 елдің ішінде 70-орында
Еліміздің қорғаныс саласындағы шығыны ЖІӨ-нің 1,1%-ын ғана құрайды

Қорғаныс саласындағы шығындар бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 115-орында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл көрсеткіш ranking.kz мәліметінше, ЕАЭО-ның барлық мемлекеттеріне қарағанда төмен.
Елдің ЖІӨ-ден қорғаныс саласына жұмсалатын шығыстарының деңгейі 2020 жылы 1,1%-ды ғана құраған. Ал Армения әлемде 8-орынды (ЖІӨ -нің 4,9%), Ресей – 10-орынды (4,3%), Қырғызстан – 62-орынды (1,8%), Беларусь – 100-орынды (1,3%) иелегіп тұр. ТМД елдері арасында Әзербайжан (ЖІӨ-нің 5,4%), Украина (4,1%) және Грузия (1,8%) жоғары көрсеткіш көрсетуде.
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында ЖІӨ-ден қорғаныс саласына арналған шығыстар өзгеріссіз, төменгі деңгейде қалып отыр.
Ресми мәлімет бойынша Қазақстан әскер саны бойынша 166 елдің ішінде 70-орында тұр. Бұл есеп бойынша елдегі әр 10 мың тұрғынға 38 адамнан келеді.