$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жаппай тәртіпсіздік құрбандарын еске алуға арналған пантеон салынады

Қазір жобаның эскизін әзірлеуге ашық байқау өткізу қолға алынған

Алматыда қаңтар қырғынына арналып, пантеон салынатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қалалық штаб отырысында айтты. Ол жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың ерлігі ұмытылмауы тиіс дейді. Сондықтан олардың рухына арнайы мемориалды ескерткіш тұрғызылмақ. Қазір жобаның эскизін әзірлеуге ашық байқау өткізу қолға алынған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірір күнде пантеонның сызбасын дайындауға арналған сәулет байқауы жарияланады. Пантеон шабуылда құрбан болған азаматтарға арнап салынбақ. Жауапты сәтте алматылықтар содырларға қарсы тұрып, табандылықтың үлгісін көрсете білді», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
 

 
Серіктес жаңалықтары