Бүлік кезінде көз жұмған әскерилер мен бейбіт тұрғындардың несиесі кешіріледі

Azattyq Rýhy

Александр Терентьев шешімдердің жеке қабылданатынын атап өтті

Жаппай тәртіпсіздік кезінде көз жұмған марқұмдардың арасында содырлар мен террористер көп. Сондықтан нақты кімнің несиесін кешіру керек екні қалай анықталады? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ҚНРДА қаржы қызметтері тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спикер шешімдердің жеке қабылданатынын атап өтті.

«Несиені кешіру немесе қосымша көмек көрсету бойынша барлық мәселелер жеке-жеке жүзеге асырылатын болады. Егер адам бүлікке белсенді қатысып, оны құқық қорғау органдары мен сот жаппай тәртіпсіздіктерге кінәлі деп тапса, онда оған қолдау шаралары көрсетілмейді. Біз әскери қызметшілер мен ІІМ қызметкерлерінің тізімін пысықтадық, олар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге заңсыз іс-әрекеттерге қатыспаған азаматтық тұлғалар бойынша тізімдерді пысықтап жатырмыз. Олар бойынша әскери қызметшілер мен ішкі істер қызметкерлері үшін көзделген іс-шаралар жүргізіледі», - деді ведомство өкілі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.