20.01.2022, 17:12
Жаңалықтар
Алматы ПД: шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының келбетін көрсетті
Шабуылды тойтару кезінде екі полицей қаза тапты
Алматы қалалық ПД шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасын көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын хабарланғандай, 6 қаңтарға қараған түні қаланың Полиция департаментіне, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу аудандарының Полиция басқармаларына, сондай-ақ Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөліміне қарулы шабуыл жасалды.
Шабуылшылар автоматтарды, гранаталарды, «Молотов» коктейльдерін және басқа да атыс қаруларын қолданған.
Алматы Полиция департаментіне сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін барлығы 27 шабуыл жасалды.
Өкінішке қарай, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің ғимаратына жасалған шабуылды тойтару кезінде екі полицей қаза тапты.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы