«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесі бекітілді
Кеңес құрамына белгілі қайраткерлер, меценаттар мен беделді азаматтар кірді
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорында Қамқоршылық кеңес жаңа құрамда сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қамқоршылық кеңес құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.
Қамқоршылық кеңес құрамы:
- ПЯ Юрий Владимирович – «University Medical Center» КҚ басқарма төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
- САИН Аружан – ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Милосердие» ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры;
- БАЙҒАЛИЕВА Бахыт Мәдениетовна - «ҚР орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы;
- ТАУКЕЛЕВА Саида Жанабилевна - «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ негізін салушысы, жетекшісі;
- АЛИЕВА Эльмира Айташевна - «Help Today» ҚҚ төрайымы;
- ШЫҢҒЫСБАЕВА Лаззат Алтынбековна - «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры;
- ТРИФОНОВ Владислав Вячеславович - «Жизнь без границ» ҚБ;
- СМИРНОВА Ирина Владимировна – ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері;
- СҮЛЕЙМЕНОВА Роза Айтжановна - «САТР» ЖШС бас директоры;
- ЕРЖАН Алмаз - қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы;
- ЖАНДОСОВ Ораз Алиевич - «Ракурс» экономикалық анализ орталығының директоры, экономист;
- ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Олжас Абдумаликович - «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға серіктесі;
- БАЙТАСОВ Арманжан Мерекеевич - «Tan Media Group» иесі, меценат;
- СҮЛЕЙМЕНОВ Қайырбек Шошанұлы – ҰҚП «Атамекен» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы.
Юрий Пя «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қамқоршылық кеңес – тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы. Кеңес қордың негізгі қызметі мен міндеттерін анықтайды, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырады.
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасы бойынша құрылды.
Бизнес-қоғамдастық өкілдері, меценаттар және жанашыр азаматтар «Қазақстан халқына» қорының шотына келесі деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады:
- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан халық банкі» АҚ;
- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ.